Skip to content
Қазақ
  • There are no suggestions because the search field is empty.

Poster-де клиентті немесе клиенттер тобын қалай жоюға болады

Клиентті немесе клиенттер тобын қате құрсаңыз не олар енді керек болмаса, жойыңыз.

Клиент базасында артық немесе қате жасалған клиент карточкаларын қалдырмаңыз.

Клиентті жою

  1. Әкімші панелінде Маркетинг → Клиенттер бөліміне өтіңіз.
  2. Қажетті клиенттің тұсындағы · · · белгішесін басыңыз.
  3. Жою түймесін таңдаңыз.

Клиентті жойғаннан кейін оның карточкасы, деректері және бонустары себетке түседі.


Клиентті қалпына келтіру

Жойылған клиент карточкалары себетте 30 күн сақталады. Клиентті қателесіп жойсаңыз:

  1. Жоғарғы оң жақ бұрыштағы себет белгішесін басыңыз.
  2. Қажетті клиенттің тұсындағы Қалпына келтіру түймесін басыңыз.

удалить клиента

Клиенттер тобының құрылымы түсінікті болып қалуы үшін қайталанған және керек емес топтарды жойып отырыңыз.


Клиенттер тобын жою

  1. Әкімші панелінде Маркетинг → Клиенттер тобы бөліміне өтіңіз.
  2. Қажетті топтың тұсындағы · · · белгішесін басыңыз.
  3. Жою түймесін таңдаңыз.

Топты жойғаннан кейін оған кіретін клиенттердің карточкалары, бонустары және жеңілдіктері себетке түседі.

удалить группу клиентов

Топты қателесіп жойсаңыз, оны жойылған күннен бастап 30 күн ішінде себеттен қалпына келтіріңіз. Топ қалпына келгенде, оның клиенттері де қалпына келеді.

 

Клиенттер мен клиенттер тобын жаңартып отырыңыз. Ал қонақтар қайта келуі үшін Бонустық жүйені немесе Жеңілдік жүйесін баптаңыз.