Тех. картаны қалай көшіруге болады
Ұқсас тағамдарды мәзірге тез қосу үшін тех. картаны көшіріп, көшірмесін өңдеңіз.
Ұқсас тағамдарды мәзірге тез қосу үшін тех. картаны көшіріп, көшірмесін өңдеңіз.
Тех. картаны көшіру үшін:
- Әкімші панелі ішінде Мәзір → Тех. карталар бөліміне өтіңіз.
- Қажетті тағамды тауып, ••• батырмасын басыңыз да, Көшіру тармағын таңдаңыз.
- Тех. картаның атауын өзгертіңіз. Мысалы, «Боул авокадо, қызанақ және лосось қосылған орнына «Боул авокадо» деп жазыңыз.
- Құрамы бөлімінде ингредиент қосу үшін Ингредиент қосу батырмасын басыңыз, ал өнімді өшіру үшін × белгісін басыңыз.
- Сақтау батырмасын басыңыз.

💡 Клиентке тағамды не сусынды ала кетуге ұсыну үшін, тағамдарды көшіріп, оларға қаптама немесе бірреттік ыдыс қосыңыз.
«Маккиато» тех. картасын көшіріп, ингредиенттеріне қағаз стақан мен қақпақ қосыңыз. Жаңа тех. картаны «Маккиато ала кетуге» деп атаңыз. Жаңа тағам кассада пайда болады, сонда даяшы кофені ала кетуге беру тапсырысын жылдамырақ рәсімдейді.
Егер кассада стейктің қуырылу деңгейін, порция көлемін немесе топпингтерді таңдау керек болса, тех. картаға түрлендіргіштерді қосыңыз.