MikroTik роутерін қосу және баптау
MikroTik роутерін қосып, мекемеде жергілікті желіні баптаңыз, жабдықты қосыңыз немесе қонақтарыңызға бөлек Wi-Fi желісін реттеңіз.
Провайдер кабелі арқылы роутерді қосу және интернет қосылымын баптау үшін:
- Роутерді 220V желісіне қосып, қуат түймесімен іске қосыңыз.
- Провайдер кабелін роутердің WAN-портына қосыңыз.
- Роутерді компьютерге LAN-кабелімен қосыңыз немесе роутердің Wi-Fi желісіне қосылыңыз.

💡 Роутердің Wi-Fi желісіне қосылу үшін тізімнен -123456 форматындағы желіні табыңыз, мұндағы 123456 — роутердің MAC-мекенжайының соңғы 6 таңбасы. Роутерді аударып қараңыз — MAC-мекенжай жапсырмада көрсетілген.
☝️ Роутер таратып тұрған Wi-Fi желісін таппасаңыз, роутер параметрлерін зауыттық күйге қайтарыңыз. - Google Chrome немесе Safari браузерін ашыңыз.
- Мекенжай жолына 192.168.88.1 енгізіп, Enter пернесін басыңыз — роутердің веб-интерфейсі ашылады.
- Жоғарғы оң жақ бұрыштағы Quick Set өрісінде жұмыс режимі ретінде Home AP Dual таңдаңыз.

- Wireless блогінде сымсыз желіңізді баптаңыз:
- Network Name өрісіне Wi-Fi желісінің атын жазыңыз.
💡 MikroTik екі жиілікті диапазонда жұмыс істейтін болса, 2,4 GHz және 5 GHz желілері үшін бірдей атауды көрсетіңіз. Сонда құрылғылар жұмыс үшін оңтайлы жиілікті анықтап, қажетті желіге автоматты түрде қосылады. - Frequency өрісінде auto мәнін таңдаңыз.
- Band өрісінде 2,4 GHz желісі үшін 2GHz-B/G/N стандартын, 5 GHz желісі үшін 5GHz-A/N/AC стандартын таңдаңыз.
- Wi-Fi Password өрісіне сымсыз желіге қосылу үшін құпиясөз ойлап жазыңыз.

- Network Name өрісіне Wi-Fi желісінің атын жазыңыз.
- Internet блогінде интернетке қосылу үшін WAN-портты баптаңыз. Провайдерге қосылу түрін таңдаңыз: Static, Automatic немесе PPPoE: 💡 Қосылым түрін білмесеңіз немесе желі параметрлері бар шарт қолыңызда болмаса, провайдеріңізге хабарласыңыз.
- Local Network блогінде жергілікті желіңізді баптаңыз:
- IP-адрес өрісіне жергілікті желінің мекенжайын жазыңыз. Мысалы, 192.168.1.1.
- Netmask өрісінде ішкі желі маскасын көрсетіңіз. Мысалы, 255.255.255.0 (/24).
- DHCP Server жанына белгі қойыңыз.
- DHCP Server Range өрісінде DHCP-сервердің IP-мекенжайлар диапазонын белгіліңіз. Мысалы, 192.168.1.10 – 192.168.1.100.
- Жергілікті желідегі құрылғыларға интернетке қол жеткізуге рұқсат беру үшін NAT жанына белгі қойыңыз.

- System блогінде MikroTik роутерінің веб-интерфейсіне кіруге арналған құпиясөз ойлап, белгіліңіз. Параметрлерді қолдану және роутерді қайта іске қосу үшін Apply Configuration түймесін басыңыз.

- Wi-Fi желілері тізімінде құпиясөзбен қорғалған жаңа атаулы желі пайда болғанша күтіңіз. Тізімнен желіні таңдап, интернетке қол жеткізу мүмкіндігі бар сымсыз желіге қосылу үшін құпиясөзді енгізіңіз.

- Браузердің мекенжай жолына жергілікті желінің жаңа IP-мекенжайын жазып, Enter пернесін басыңыз.
- MikroTik роутерінің веб-интерфейсіне кіру үшін логин мен құпиясөзді енгізіңіз.

- MikroTik роутерінің бағдарламалық жасақтамасы жаңартуларын тексеру үшін Check For Updates түймесін басыңыз:
Жабдықтың жұмысы үшін тұрақты интернет ұйымдастыру мақсатында роутердің веб-интерфейсінде қонақ желісін жасаңыз және оның өткізу қабілетін бірден шектеңіз.

