Keenetic Extra KN-1711 роутерін қосу және баптау
Keenetic Extra KN-1711 роутерін провайдер кабелі немесе USB-модем арқылы қосып, мекемеде жергілікті желіні баптаңыз, жабдықпен жұмыс істеңіз немесе қонақтарыңызға бөлек Wi-Fi желісін реттеңіз.
Провайдер кабелі
Провайдер кабелі арқылы роутерді қосу және интернет қосылымын баптау үшін:
- Роутерді 220V желісіне қосып, қуат түймесімен іске қосыңыз.
- Провайдер кабелін роутердің WAN-портына қосыңыз.
- Роутерді компьютерге LAN-кабелімен қосыңыз.
- Google Chrome немесе Safari браузерін ашыңыз.
- Мекенжай жолына 192.168.1.1 жазып, Enter пернесін басыңыз.
- Тілді таңдап, Жылдам баптауды бастау түймесін басыңыз.
- Роутер параметрлерін басқаруға арналған әкімші құпиясөзін ойлап жазып, Жалғастыру басыңыз.
- Интернетке қосылу тәсілі ретінде Ethernet таңдап, Жалғастыру басыңыз.
- Интернет таңдап, Жалғастыру басыңыз.
- Стандартты MAC-мекенжайды таңдаңыз немесе провайдеріңізде басқа құрылғы тіркелген болса, оны өзгертіңіз.
- Жалғастыру басыңыз.
- Ашылмалы тізімнен IP протоколы параметрлерін баптау нұсқасын таңдаңыз: Автоматты, Қолмен немесе IP-мекенжайсыз (PPPoE үшін).
- Жалғастыру басыңыз.
- Интернетке қосылу түрін таңдап, Жалғастыру басыңыз.
- Роутер интернетпен байланыс орнатып, жаңартуларды тексергенше күтіңіз. Жалғастыру басыңыз.
- Тізімнен желіңізді қорғауға арналған интернет-сүзгіні таңдаңыз.
- Wi-Fi желісінің атауы мен құпиясөзін қарап, Баптауды аяқтау басыңыз.

💡 Wi-Fi желісінің атауы мен құпиясөзін немесе басқа стандартты параметрлерді өзгерту үшін роутердің веб-интерфейсіне кіріңіз.
USB-модем
USB-модем арқылы роутерді қосу және интернет қосылымын баптау үшін:
- Кез келген оператордың SIM-картасын сатып алып, смартфонға салып, белсендіріңіз: тарифті таңдаңыз, мобильді интернетті қосыңыз.
- Белсендіргеннен кейін SIM-картаны USB-модемге, модемді роутерге салыңыз.
- Роутерді 220V желісіне қосып, қуат түймесімен іске қосыңыз.
- Ұялы байланыс операторының 3G- немесе 4G-модемін роутерге қосыңыз.
☝️ 3G/4G таңдаған кезде модем қосылмаған деген қате шықса, SIM-картаның белсендірілгенін және модемнің роутерге тығыз кіргізілгенін тексеріңіз.
💡 Қатені жоя алмасаңыз, USB-модем үлгісі туралы ақпараты бар жапсырманы суретке түсіріп, чатқа жіберіңіз. Қолдау командамыз оның сипаттамаларын тексереді. - Роутерді аударып, стандартты Wi-Fi желісінің атауы мен құпиясөзін қараңыз.
- Планшет немесе компьютерді роутердің Wi-Fi желісіне қосыңыз.
- Google Chrome немесе Safari браузерін ашыңыз.
- Мекенжай жолына my.keenetic.net жазып, Enter пернесін басыңыз.
- Тілді таңдап, Жылдам баптауды бастау түймесін басыңыз.
- Роутер параметрлерін басқаруға арналған әкімші құпиясөзін ойлап жазып, Жалғастыру басыңыз.
- Интернетке қосылу тәсілі ретінде 3G/4G таңдап, Жалғастыру басыңыз.
- Роутер интернетпен байланыс орнатып, жаңартуларды тексергенше күтіңіз. Жалғастыру басыңыз.
- Wi-Fi желісінің атауы мен құпиясөзін қарап, Баптауды аяқтау басыңыз.
☝️ Роутерге провайдер кабелін немесе ұялы байланыс операторының USB-модемін қоспасаңыз, жылдам баптауды орындай алмайсыз.
💡 Роутерді адаптер, Wi-Fi сигналын күшейткіш немесе кіру нүктесі ретінде пайдалану үшін қосымша режимдерді баптаңыз.
Роутердің веб-интерфейсіне кіру үшін жергілікті желінің IP-мекенжайын қараңыз.