Қоймалар бойынша есептен шығаруды баптау
Есептен шығару ережелерін баптаңыз — сату кезінде әртүрлі қоймаларда сақталатын бірдей ингредиенттер қай қоймадан есептен шығарылатынын көрсетіңіз.
Есептен шығару ережелерін баптаңыз — сату кезінде әртүрлі қоймаларда сақталатын бірдей ингредиенттер қай қоймадан есептен шығарылатынын көрсетіңіз. Мысалы, «Лимон» ингредиенті «Асхана» және «Бар» қоймаларында — салат пен коктейльдің құрамында болуы мүмкін.
Қоймалар бойынша есептен шығаруды баптау үшін:
- Əкімші панеліндегі Қолжетімділік → Мекемелер қойындысын ашыңыз.
- Мекеме атауының жанындағы Өңд. түймесін басыңыз.
- Есептен шығару ережелері тармағында Цехтар бойынша есептен шығаруды баптау таңдаңыз.
- Ингредиенттер тиісті қоймалардан есептен шығарылуы үшін әрбір дайындау цехіне қойма таңдаңыз.
- Сақтау түймесін басыңыз.

Енді барда дайындалатын коктейльді сатқанда — лимон «Бар қоймасынан» есептен шығарылады. Асханада дайындалатын салатты сатқанда — «Асхана қоймасынан».
☝️ Əдепкі бойынша ингредиенттер мен тауарлар соңғы жеткізілім немесе орын ауыстыру жасалған қоймадан есептен шығарылады.
💡 Мекемеде бірдей мәзірмен бірнеше сату нүктесі болса — цехтар мен кассалар бойынша есептен шығаруды баптаңыз. Мысалы, залда және террасада жеке кассалары бар екі бар.
Ол үшін Есептен шығару ережелері тармағында Цехтар мен кассалар бойынша есептен шығаруды баптау таңдаңыз. Бір сату нүктесіне жататын кассалар, цехтар мен қоймаларды сәйкестендіріп, өзгерістерді сақтаңыз.
Бар мен асхана бойынша түсімді цехтар бойынша сату статистикасынан бақылаңыз.