Бірнеше мекеме үшін қоймалар мен есептен шығаруды қалай баптауға болады
Қосымша қоймалар жасап, оларды мекемелерге байланыстырыңыз — сонда әрбір сауда нүктесіндегі тауарлар мен ингредиенттердің қалдықтарын бақылай аласыз.
Бірнеше мекемемен жұмыс кезінде өнімдер жалпы қоймада да, бірнеше жеке қоймада да сақталуы мүмкін. Қосымша қоймалар жасап, оларды мекемелерге байланыстырыңыз — сонда әрбір сауда нүктесіндегі тауарлар мен ингредиенттердің қалдықтарын бақылай аласыз.
Қойма жасау үшін:
- Әкімші-панельде Қойма → Қоймалар қойындысын ашыңыз.
- Қосу түймесін басыңыз.
- Қойманың атауы мен мекенжайын жазыңыз.
- Қойма қатысты мекеменің жанына белгі қойыңыз.
☝️ Барлық мекемелер үшін бір жалпы қойма пайдаланылса, тізімдегі барлық орындардың жанына белгі қойыңыз. Сонда кез келген мекемеде сатылым болған кезде өнімдер осы қоймадан есептен шығарылады. - Сақтау түймесін басыңыз.

Бұрыннан байланыстырылған қоймаларды тексеру және мекемеге басқа қоймалар байланыстыру үшін:
- Қол жеткізу → Мекемелер қойындысына өтіңіз.
- Мекеме атауының жанындағы Өңд. түймесін басыңыз.
- Мекемедегі қоймалар өрісінде қажетті қоймаларды таңдаңыз.
☝️ Бір мекемеге бірнеше қойма байланыстырылған болса, өнімдер әдепкі бойынша соңғы жеткізілім немесе орын ауыстыру жасалған қоймадан есептен шығарылады. - Сақтау түймесін басыңыз.

💡 Мекемеде әр дайындық цехының өз қоймасы болса, есептен шығарудың егжей-тегжейлі ережелерін баптаңыз.
Ингредиенттер мен тауарлар қоймалардан есептен шығарылуы үшін оларға өнімдер жеткізілімін жасаңыз.