Skip to content
Қазақ
  • There are no suggestions because the search field is empty.

Бірнеше мекеме үшін қаржылық шоттарды қалай баптауға болады

Аккаунтқа жаңа мекеме қосар алдында ол үшін 3 міндетті шот жасаңыз: қолма-қол, қолма-қол емес және инкассация шоты.

Аккаунтқа жаңа мекеме қосар алдында ол үшін 3 міндетті шот жасаңыз: қолма-қол, қолма-қол емес және инкассация шоты. Олар қаржылық транзакцияларды тіркеуге және таза пайданы қарауға көмектеседі:

  • Ақша жәшігі — тапсырыстар үшін қолма-қол төленген түсім автоматты түрде түсетін шот.
  • Есеп айырысу шоты — төлем терминалы арқылы банк картасымен төленген чектерден түсетін түсім шоты.
  • Сейф — қолма-қол қаражатты инкассациялауға арналған шот. Инкассация кезінде күндік түсім Ақша жәшігі → Сейф шоттары арасында жылжиды, ал Ақша жәшігінде ұсақ ақша немесе 0 қалады.


Қаржылық шоттарды жасау

Қолма-қол шот қосу үшін:
  1. Қаржы → Шоттар қойындысын ашып, Қосу түймесін басыңыз.
  2. Шот атауын жазыңыз — «Ақша жәшігі».
  3. Валюта мен шот түрін — «Қолма-қол» таңдаңыз.
  4. «Бастапқы баланс» өрісіне шоттағы ағымдағы қаражат қалдығын жазыңыз.
  5. Сақтау түймесін басыңыз.

Қолма-қол емес шот жасау үшін:
  1. Қаржы → Шоттар қойындысында қайтадан Қосу түймесін басыңыз.
  2. Шотты «Есеп айырысу шоты» деп атаңыз және валютасын таңдаңыз.
  3. «Қолма-қол емес шот» түрін таңдап, бастапқы балансты көрсетіңіз.
  4. Сақтау түймесін басыңыз.

Инкассация шотын жасау үшін:
  1. Қаржы → Шоттар қойындысында Қосу түймесін басыңыз.
  2. Шотты «Сейф» деп атаңыз және валютасын таңдаңыз.
  3. «Қолма-қол» шот түрін таңдап, баланстағы қаражат қалдығын жазыңыз.
  4. Сақтау түймесін басыңыз.

создать счет

💡 Poster аккаунтында жұмыс істейтін әрбір мекемеге 3 қаржылық шот жасаңыз.


Шоттарды мекемеге байланыстыру

Кассадағы қаржылық транзакциялар әкімші-панельге автоматты түрде тартылуы үшін шоттарды мекемеге байланыстырыңыз:

  1. Әкімші-панельде Қол жеткізу → Мекемелер қойындысына өтіңіз.
  2. Жаңа мекемені қосыңыз немесе бұрын жасалғанның қасындағы Өңд. түймесін басыңыз.
  3. Қаржы блогында шоттарды сәйкестендіріңіз:
    • Қолма-қол емес шот = Есеп айырысу шоты;
    • Қолма-қол шот = Ақша жәшігі;
    • Инкассация шоты = Сейф.
  4. Сақтау түймесін басыңыз.

привязать счета для заведения


💡 Егер барлық мекемелерде қаражат бір шотқа түссе, оны әрбір мекемеге байланыстырыңыз. Мысалы, жалпы қолма-қол емес шотпен жұмыс істесеңіз, барлық мекемелеріңізде төлем терминалы арқылы картамен төленген чектерден түскен барлық түсім сол шотқа жиналады.


💡 Қолма-қол, қолма-қол емес түсімдер және инкассация сомалары кассалық ауысым жабылғаннан кейін мекемеге байланыстырылған шоттарға автоматты түрде түседі.

💡 Шоттардағы ақша қозғалысын бақылап, таңдалған кезең үшін мекеменің қаржылық нәтижесін Қаржы → Cash flow қойындысында тексеріңіз. Беттің жоғарғы оң жағынан есептік кезеңді таңдаңыз, ал Шоттар сүзгісі арқылы есепті тексергіңіз келген мекемені таңдаңыз.

просмотр кешфлоу

☝️ Егер бір шот бірнеше мекемеге бір мезгілде байланыстырылған болса, есепте тек бір мекеменің транзакцияларын тексеру мүмкін болмайды. Себебі есепте таңдалған кезең ішінде шот бойынша өткен барлық транзакциялар көрсетіледі.

Шоттар арасындағы шығыстар, кірістер және аударымдар есебін жүргізу үшін транзакция санаттарын қосыңыз.