Skip to content
Қазақ
  • There are no suggestions because the search field is empty.

Cash flow есебін қалай тексеруге болады

Шоттардағы ақша қозғалысын бақылау үшін Cash flow есебін қолданыңыз. Ол транзакция санаттары бойынша кірістер мен шығыстарды көрсетеді.

Cash flow — белгілі бір күндегі ақша қозғалысы мен шоттардағы қалдықтар туралы есеп. Мекеменің қаржысын бақылау үшін әкімші панеліндегі Қаржы → Cash flow бөліміне кіріңіз. Бұл есеп сізге көмектеседі:

  • мекеменің өтімділігін бағалауға. Cash flow міндеттемелерді жабуға қолда қанша ақша бар екенін көрсетеді. Бұл төлем қабілетін бақылауға көмектеседі;

  • болашақтағы қаржылық жағдайды болжауға және тәуекелдерді басқаруға. Cash flow есебін тұрақты қарап отырсаңыз, ықтимал мәселелерді ертерек байқап, шығындар мен қарыздарды жабу жолын алдын ала таба аласыз;

  • жұмыстың тиімділігін бағалауға. Әртүрлі кезеңдердегі Cash flow көрсеткіштерін салыстырып, мекеменің нәтижесін және қаржыны қаншалықты тиімді басқарып отырғаныңызды көресіз;

  • инвестицияны жоспарлауға. Cash flow арқылы жаңа жобаларға инвестиция салу немесе қолданыстағы жобаларды дамыту мүмкіндігін бағалаңыз.

 

Есепті өзіңізге ыңғайлы етіп баптаңыз:

  1. Әкімші панелінде Қаржы → Cash flow бөліміне өтіңіз.

  2. Оң жақ жоғары бұрыштағы күнтізбені басып, есепті кезеңді таңдаңыз. Мысалы, соңғы тоқсанды тексеру үшін қазаннан желтоқсанға дейінгі кезеңді таңдаңыз.

  3. Ақша қозғалысын көру үшін ашылмалы тізімнен шотты таңдаңыз. Мысалы, кассалық ауысымдардағы карта төлемдерін және контрагенттермен қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды тексеру үшін есеп айырысу шоттарын таңдаңыз. Ал толық есепті көру үшін Барлық шоттар тармағын таңдаңыз.

    💡 Егер аккаунтыңызда бірнеше мекеме болса, есепті әрқайсысы бойынша бөлек тексеріңіз. Ол үшін сол мекемеге байланыстырылған шоттарды таңдаңыз.

  4. Есепте қай бағандар көрсетілетінін не жасырылатынын таңдау үшін оң жақ жоғары бұрыштағы ⿲ Бағандар батырмасын басыңыз: карта және қолма-қол ақша бойынша қозғалыс сомамен немесе % түрінде.

  5. Әртүрлі кезеңдердегі сомаларды ыңғайлы салыстыру үшін бағандарды орындарымен ауыстырыңыз. Ол үшін баған атауын басып ұстап, керек жерге апарыңыз.

кешфлоу


Барлық түсімдер мен шығыстарды тексеріңіз:

  1. Түсімдер бөлімін басып, барлық кіріс санаттарын қараңыз: кассалық ауысымдар, банкеттерге алдын ала төлем, мүкәммал немесе жабдық сатудан түскен табыс.

  2. 💡 Сома жанындағы белгісін басып, ақша қозғалысының күндерін, сомаларын және ақша шоттарын көріңіз.

  3. Шығыстар бөлімінде барлық шығыс санаттарын тексеріңіз. Мысалы, жалақы төлеу, коммуналдық төлемдер, жеткізілім ақысын төлеу, қызметкерлерге такси.

  4. Кезең басындағы ақша және Кезең соңындағы ақша қойындыларында ақша шоттарының балансын қараңыз.

  5. Кестенің төменгі жағындағы таза ақша ағынын қараңыз. Бұл — сіздің сальдоңыз, яғни кезең басындағы және кезең соңындағы шоттар балансының айырмасы. Мысалы, кезең басында 20000 ₸, ал соңында 26700 ₸ болса, осы кезеңдегі таза ақша ағыны +6700 ₸ болады.

    💡 Cash flow есебі бар Excel кестесін жүктеп алу үшін оң жақ жоғары бұрыштағы Экспорт батырмасын басыңыз.

  6. Шоттардағы қалдықтар мен ақша қозғалысын Cash flow есебінде тұрақты тексеріп отырыңыз. Толық басқарушылық есепті көру үшін транзакциялардың санаттары мен ішкі санаттарын баптаңыз.

просмотр кешфлоу

Кірістер мен шығыстарды бақылап, мекеменің маржасын басқару үшін P&L есебін де қарап отырыңыз.