Skip to content
Қазақ
  • There are no suggestions because the search field is empty.

iOS, Android, macOS және Windows құрылғыларында жергілікті желінің IP-мекенжайын қарау

Poster жүйесімен жұмыс істеу үшін желі мен жабдықты баптағанда роутердің веб-интерфейсіне кіру қажет. Ол үшін алдымен құрылғыңыздағы жергілікті желінің IP-мекенжайын қараңыз.

Poster жүйесімен жұмыс істеу үшін желі мен жабдықты баптағанда роутердің веб-интерфейсіне кіру қажет. Ол үшін алдымен құрылғыңыздағы жергілікті желінің IP-мекенжайын қараңыз.

iOS құрылғысында жергілікті желінің IP-мекенжайын қарау үшін:

  1. Планшетте Параметрлер → Wi-Fi бөліміне кіріңіз.
  2. Белсенді Wi-Fi желісінің қасындағы белгісін басыңыз.
  3. IPv4-мекенжай блогінде Маршрутизатор өрісін тауып, IP-мекенжайды қараңыз.


Android құрылғысында жергілікті желінің IP-мекенжайын қарау үшін:

  1. Планшетте Параметрлер → Қосылымдар бөліміне кіріп, Wi-Fi таңдаңыз.
  2. Белсенді желінің атын 2 секунд басып тұрыңыз.
  3. Ашылған терезеде Желі параметрлерін басқару таңдаңыз.
  4. Қосымша параметрлерді көрсету жанына белгі қойыңыз.
  5. Жергілікті IP-мекенжайы бар Маршрутизаторды басқару өрісін табыңыз.

macOS құрылғысында жергілікті желінің IP-мекенжайын қарау үшін:

  1. Жоғарғы сол жақ бұрыштағы  белгісін басып, Жүйе параметрлері таңдаңыз.
  2. Желі бөліміне өтіп, Қосымша түймесін басыңыз.
  3. TCP/IP қойындысын ашыңыз.
  4. Маршрутизатор өрісін тауып, жергілікті желінің IP-мекенжайын қараңыз.


Windows ОЖ-дегі компьютерде жергілікті желінің IP-мекенжайын қарау үшін:

  1. Төменгі сол жақ бұрыштағы 🔎 белгісін басыңыз.
  2. cmd жазып, Enter пернесін басыңыз.
  3. Пәрмен жолына ipconfig жазып, Enter пернесін басыңыз.
  4. Жергілікті IP-мекенжайы бар Негізгі шлюз өрісін табыңыз.


☝️ Әртүрлі құрылғы үлгілерінде параметрлер бөлімдерінің атаулары өзгеше болуы мүмкін. Бөлімді өз бетіңізше таба алмасаңыз немесе мекемеңізде көп деңгейлі жергілікті желі бапталған болса, чатта бізге хабарласыңыз — IP-мекенжайды қарауға көмектесеміз.

Жергілікті желінің IP-мекенжайын өзгерту, DHCP-сервердің мекенжайлар диапазонын тексеру немесе өзгерту, мекемеде бөлек Wi-Fi желілерін баптау үшін роутердің веб-интерфейсіне кіріңіз.