Skip to content
Қазақ
  • There are no suggestions because the search field is empty.

Чек үлгісін қалай өзгертуге болады

Мекеменің фискалдық емес чегін танымал ету және қонақтарға пайдалы ақпарат қосу үшін чек үлгісін баптаңыз.


Чек үлгісін өзгерту үшін:

  1. Әкімші панелінде Параметрлер → Чек бөлімін ашыңыз.
  2. Тапсырыс жабылғанда чекті автоматты түрде басып шығару тармағындағы белгіні алып тастаңыз. Сонда Poster кассасында тапсырысты төлеу терезесіндегі Чекті басып шығару қосқышы өшірулі болады.
  3. Чек нөмірін басып шығару тармағындағы белгіні алып тастаңыз. Сонда чекте «Чек №» өрісі көрсетілмейді.
  4. Тапсырысқа пікірді басып шығару тармағына белгі қойыңыз. Сонда чекте қызметкердің пікірі басылады. Мысалы, сатып алғаны үшін алғыс немесе каппингке шақыру.
  5. Клиенттің телефоны мен мекенжайын чекке қосу тармағына белгі қойыңыз. Сонда клиент картасындағы ақпарат чекте басылады. Мысалы, курьерлер тапсырысты қай мекенжайға жеткізу керегін көреді.
  6. Салықтар бойынша қорытынды сомаларды басып шығару тармағына белгі қойыңыз. Сонда салықтар арқылы чек сомасын асүй мен бар бойынша бөлуге болады.
  7. Тағы бір болжам қосу түймесін басып, қонақтарға жаңа тілектер жазыңыз. Егер чекте тілек пен кеңес басылмасын десеңіз, Болжамдарды басып шығару тармағындағы белгіні алып тастаңыз. 💡 Акаунт тілін өзгерту чектегі болжам мәтінін жаңартпайды. Оны қолмен қосу керек. Қажет болса, мәтінді керек тілде қайта жазыңыз.
  8. Wi-Fi басып шығару тармағына белгі қойыңыз. Сонда қонақтар чекте мекеменің Wi-Fi желісінің атауы мен құпиясөзін көреді.
  9. Мекенжайды басып шығару тармағына белгі қойып, Қала, Индекс, Мекенжай және Телефон өрістерін толтырыңыз.
  10. Чек тілі өрісінде ашылмалы тізімнен чек өрістері көрсетілетін және басылатын тілді таңдаңыз.
  11. Чекте басып шығару өрісінде ашылмалы тізімнен таңдаңыз:
    Компания атауы — акаунттағы барлық мекемелердің атауы бірдей болса;
    Мекеме атауы — желідегі әр мекеменің атауы өз чегінде басылуы керек болса.
  12. Сақтау түймесін басыңыз.
  13. Кассаны қайта іске қосыңыз: қолданбаны жауып, қайта ашыңыз.

настройки чека

☝️ Чектегі мәтін қарпін өзгерту мүмкін емес. Чек өлшемін кішірейту үшін кассадағы принтер баптауларында қағаз енін өзгертіңіз.

💡 Чекте мекеме логотипі басылуы үшін Параметрлер → Жалпы бөлімінде JPEG, PNG немесе GIF форматындағы суретті жүктеңіз. Файл өлшемі 5 МБ-тан аспауы керек.


Принтер баптауларында логотипті жаңарту үшін:

  1. Кассада ≡ белгішесін басып, Құрылғылар тармағын таңдаңыз.
  2. Тізімнен принтерді таңдап, ⚙️ белгішесін басыңыз.
  3. Логотипті жаңарту түймесін басып, чекті басып шығарыңыз.


💡 Фискалдық чекте кассирдің аты басылмасын десеңіз, Параметрлер → Жалпы бөлімінде Фискалдық чекте кассирді көрсету тармағындағы белгіні алып тастаңыз.

 

Әр чек бойынша толық тарихты және белгілі бір кезеңдегі чек санын бақылау үшін чек статистикасын қараңыз.