Стоп-тізімдегі позицияларды болдырмау және өнімдер шығысын болжау
Өнімдер шығысын бақылауға көмектесетін Poster-дің бес қарапайым құралы.
Кейде келушілер ағымын немесе кейбір тамақтардың танымалдылығын болжау қиын. Бұл стоп-тізімдегі позицияларға, қоймадағы пересортицаға және шығынға əкеледі.
Қолдау қызметіне ең жиі келетін сұраулар негізінде Poster құралдарының іріктемесін дайындадық. Олар:
- қойма қалдықтары туралы əрқашан өзекті ақпарат алуға;
- ауысым ішінде таусылып жатқан өнімдер туралы хабарлама алуға;
- мəзірді және сатып алуды дұрыс жоспарлауға;
- тиімді сағаттарды бақылауға және келушілер ағымына дайын болуға көмектеседі 👌
✔️ Қалдықтар туралы ел. поштаға хабарлама
Бұл ең қарапайым, бірақ маңызды қадам. Қойма қалдықтары туралы хабарламалар алу үшін Параметрлер → Жалпы бөліміне өтіңіз. Қалдықтар туралы хабарламалар өрісінде хаттарды қашан алғыңыз келетінін көрсетіңіз — кассалық ауысым соңында бір рет немесе маңызды позиция ең аз санға жақындаған сайын.
Одан кейін Қойма → Қалдықтар бөлімінде таңдалған өнімдер немесе барлық позициялар үшін қажетті ең аз шектеуді көрсетіңіз.

📖 Қалдықтар туралы хабарламаны қалай баптауға болады
✔️ Ең танымал позицияларды бақылау
Мұнда мыналар көмектеседі: Статистика → АВС-талдау және Статистика → Тауарлар.
АВС-талдау мəзір тамақтарын танымалдылығы мен табыстылығы бойынша 3 топқа бөледі. Мысалы, А тобы — ең жоғары сұранысқа ие позициялар.

АВС-талдау дегеніміз не және бұл құралды қалай пайдалану керектігі туралы толығырақ мақалада оқыңыз.
Тауарлар бөлімінде кезең ішіндегі əрбір тех. карта мен тауардың сату статистикасын табасыз. Бүкіл мəзір бойынша да, жекелеген санаттар бойынша да статистиканы қарауға болады.
💡 Нақты тауардың сату графигін қарау үшін оның атауын басыңыз. Осылай білесіз:
- қай күндер мен сағаттарда сату шыңы;
- осы позицияның сату түсімі мен пайдасы;
- тауарды сатып алған түбіртектер мен келушілер саны.
📖 Тауарлар бойынша статистиканы бақылау туралы толығырақ
✔️ Мəзірді дұрыс жоспарлау
Бірдей өнімдер бірнеше тамақта пайдаланылатындай мəзірді жоспарлау тиімді. Мəзір → Ингредиенттер қойындысынан өнімнің қандай тамақтарда пайдаланылатынын тексеріңіз — ингредиент атауының жанындағы Мəліметтер түймесін басыңыз.

✔️ Тұрақты түгендеулер
Сатылым мен есептен шығарудың шығыстарын бақылау үшін, сондай-ақ пересортицаны болдырмау үшін жүйелі түгендеулер жасаңыз.
- Қойма → Түгендеулер қойындысына өтіңіз.
- Қосу түймесін басыңыз.
- Түрді таңдаңыз — Толық немесе Жартылай — және жүргізу уақытын белгілеңіз.
Түгендеу парағында əрбір өнім немесе тауардың түсімдерін, шығыстарын және есептен шығаруларын тексеріңіз.

📖 Poster-де түгендеуді қалай жүргізуге болады — толығырақ
✔️ Қозғалыс бойынша есепті пайдалану
Қозғалыс бойынша есеп — кез келген кезеңдегі, тіпті Poster-ді пайдалана бастаған күннен бергі өнімдер түсімдері мен шығыстарын қарауға ыңғайлы тəсіл.
- Қойма → Қозғалыс бойынша есеп қойындысын ашыңыз.
- Жылдам іздеуде өнімнің атауын жазыңыз немесе ингредиенттер санатын таңдаңыз.
- Жоғарғы оң жақта есептіліктің күнтізбелік кезеңін таңдаңыз.

📖 Қозғалыс бойынша есепті пайдалану нұсқаулығы
Жұмыс күндеріндегі өнімдерге шығыстарды тексеріп, келесі аптаға сатып алуды болжауға болады. Мереке күндеріне дайындалу үшін шығыстарды алдыңғы мерекемен және бір жыл бұрынғы осы мерекемен салыстырыңыз.