Курьерді қалай тағайындап, тапсырысты клиентке жеткізуге болады
Жеткізу бойынша жұмыс тәртібін баптап, кассада тапсырысты қабылдағаннан кейін курьерді тағайындаңыз және дайын тағамдарды оған беріңіз.
Курьерді тағайындап, тапсырысты жеткізу үшін:
- Кассаның сол жақ жоғарғы бұрышындағы Тапсырыстар бөлімін басыңыз.
- Жеткізу уақыты бағанындағы түсті индикаторға қараңыз. Ол тапсырысты жеткізуге қалған уақытты көрсетеді.
💡 Жеткізу уақыты мен кешігуді 60 минут бойынша емес, басқа уақыт бойынша есептеу керек болса, Баптаулар → Жеткізу бөлімінде қызмет көрсету стандартын өзгертіңіз. - Мәртебе бағанына өтіп, тапсырыстың осы мәртебеде қанша уақыт тұрғанын тексеріңіз.
- Егер асүйге аспаздарға арналған жүгіртпе жіберетін болсаңыз, Асүйге жіберу түймесін басыңыз.
- Егер Дайын мәртебесін қолдансаңыз және тапсырысты буып-түю уақыты мен курьердің оны қаншалықты тез алып кеткенін бақыласаңыз, Дайындалды түймесін басыңыз.
- Курьерді таңдаңыз да, дайын тағамдарды оған берген кезде Жеткізуге беру түймесін басыңыз. Тапсырыс келесі мәртебеге өтеді — Жолда.
💡 Егер жеткізу баптауларында фискалдық чекті басып шығару үшін «Тапсырысты курьерге берген кезде» нұсқасы таңдалса, төлем экранында Растау түймесін басыңыз. Қағаз чекті қорапқа салыңыз — клиент оны тапсырыспен бірге алады. Бұл кезде чек сіз оны жапқанға дейін кассада ашық күйде қалады.
💡 Курьерлердің жұмысын бақылау үшін жоғарғы мәзірден Жолда бөлімін ашыңыз. - Курьер тапсырысты клиентке жеткізгеннен кейін, тапсырысты Жеткізілді мәртебесіне ауыстырыңыз.
- Курьер мекемеге ақшамен оралған соң, тапсырысты жабыңыз.

💡 Әдепкі бойынша курьер ретінде иесі көрсетіледі. Әкімші панелінде жаңа лауазым қосыңыз немесе Қолжетімділік → Лауазымдар бөлімінде бұрын жасалған лауазымның жанындағы Өңдеу түймесін басыңыз. Содан кейін Қолданбаларға қолжетімділік блогында Курьер тармағын белгілеңіз.
💡 Курьерлер жаңа тапсырыстар туралы хабарламаларды автоматты түрде алуы үшін Poster Курьер қолданбасын қосыңыз.
Қызмет көрсету уақытын, курьерлердің жұмысын және түсімді бақылау үшін жеткізу тапсырыстарының статистикасын қарап отырыңыз.