Кассада жеңілдікті қалай қосуға болады
Жеңілдік жүйесін баптап, тұрақты клиенттерге жеңілдік жасаңыз.
Кассада жеңілдік қосу үшін:
- Ашық түбіртекте сол жақ жоғарғы бұрыштағы Клиент қойындысына өтіңіз.
- Жеңілдік жүйесі қатысушысының атын, телефон нөмірін немесе карта нөмірін енгізе бастаңыз. Тізімнен клиентті таңдаңыз да, Қолдану түймесін басыңыз. Осыдан кейін Төлеуге сомасы жеңілдікпен автоматты түрде қайта есептеледі.
- Түбіртек қойындысына оралып, Төлеу түймесін басыңыз.

💡 Кассада жаңа қонақтарды бірден клиенттер базаңызға қоса аласыз. Ол үшін клиенттер тізімі ашылған терезеде Жаңа клиент түймесін басыңыз, карточканы толтырыңыз да, Сақтау түймесін басыңыз.
Жеңілдік түбіртектегі барлық позицияға қолданылады. Жеңілдікті тек белгілі бір тағамдар мен тауарларға беру керек болса, науқандар конструкторын пайдаланыңыз.