Тауарлар мен тех. карталар санаттарын қалай қосуға болады
Даяшы тауарлар мен тех. карталарды Кассада тез табуы үшін оларды санаттарға біріктіріңіз.
Даяшы тауарлар мен тех. карталарды Кассада тез табуы үшін оларды санаттарға біріктіріңіз. Мысалы: «Бірінші тағамдар», «Пісірмелер», «Сусындар».
Тауарлар мен тех. карталар санатын қосу үшін:
- Админ-панельде Мәзір → Тауарлар мен тех. карталар санаттары бөліміне өтіңіз.
- Қосу түймесін басыңыз.
- Санаттың атауын жазыңыз.
Мысалы: «Бірінші тағамдар», «Пісірмелер» немесе «Сусындар». - Санат өрісінде ашылмалы тізімнен Тауарлар мен Тех. карталардың Кассада қай жерде көрсетілетінін таңдаңыз: басты экранда немесе басқа санаттың ішінде.
-
Фото жүктеңіз немесе белгішенің түсін таңдаңыз.
💡 Тауарлар, Тех. карталар және санаттар үшін өлшемі 168×126 px болатын jpg, png немесе jpeg форматындағы суреттерді пайдаланыңыз.
- Сақтау түймесін басыңыз.

☝️ Егер санатты өшірсеңіз, ол Себетке жіберіледі. Өшірілгеннен кейін 30 күн ішінде оны Тауарлармен және Тех. карталармен бірге қалпына келтіре аласыз.
💡 Клиенттерге маусымдық мәзір ұсыныңыз, ал маусым аяқталғанда оны жасырып қойыңыз. Мысалы, жаңа көкөніс пен жемістен жасалған тағамдары бар «Жазғы мәзір» санатын жасаңыз да, күзде оны Кассада жасырыңыз.
Ол үшін «Жазғы мәзір» санатын таңдап, ••• белгісін басыңыз. Содан кейін Барлық мекемеде жасыру пәрменін таңдаңыз. Осыдан кейін санат Кассада көрсетілмейді, бірақ админ-панельде сақталады.
Мекеменің мәзірін толтыру үшін тауарлар ментех. карталар жасаңыз.