Жартылай фабрикатты қалай жасауға болады
Жартылай фабрикаттар — ингредиенттерден тұратын дайындамалар. Мысалы, тұздықтар немесе қамыр
Жартылай фабрикаттар — ингредиенттерден тұратын дайындамалар. Мысалы, тұздықтар немесе қамыр
Жартылай фабрикат жасау үшін:
- Админ-панельде Мәзір → Жартылай фабрикаттар бөліміне өтіңіз.
- Қосу түймесін басыңыз.
- Жартылай фабрикаттың атауын және дайындау тәсілін жазыңыз.
- Жартылай фабрикаттың құрамына кіретін тауарларды таңдаңыз. Қажет болса, жетіспейтін ингредиенттерді осы жерден қосыңыз.
- Әр ингредиент үшін брутто және нетто салмағын немесе Өңдеу әдісі параметрін көрсетіңіз.
- Сақтау түймесін басыңыз.

💡 Бірдей ингредиенттерді бірнеше тех. картада қолдансаңыз, оларды Жартылай фабрикатқа біріктіріңіз. Мысалы, ұн, жұмыртқа және ашытқыны «Қамыр» деген Жартылай фабрикатқа біріктіріп, кейін оны тоқаштар мен круассандардың тех. картасына қосыңыз.
🍣 Суши сетін қосу үшін Жартылай фабрикаттарды пайдаланыңыз.
💡 Жартылай фабрикаттың өзіндік құны дұрыс есептелуі үшін оның құрамындағы барлық ингредиенттер бойынша жеткізілімдер енгізіңіз.
☝️ Жартылай фабрикаттар бөлек сатылмайды. Олар тек тех. картаның құрамында қолданылады. Сондықтан даяшының немесе кассирдің кассасында көрсетілмейді.
💡 Қажет болса, жартылай фабрикатты өңдеңіз. Ол үшін Мәзір → Жартылай фабрикаттар бөліміне өтіп, Өңдеу түймесін басыңыз.
Pro тарифінде жартылай фабрикаттарды өткен күнмен де өңдеуге болады. Ол үшін ••• батырмасын басып, Өткен күнмен өңдеу пәрменін таңдаңыз.
Белгілі бір кезеңде жартылай фабрикатты кім өңдегенін және қандай ингредиенттер көрсетілгенін көру үшін атаудың оң жағындағы Құрамы бөлімін басыңыз.

Белгілі бір Жартылай фабрикаттың қай тағамдарға кіретінін тексеру үшін Мәзір → Жартылай фабрикаттар бөліміне өтіп, керекті жартылай фабрикатты табыңыз да, оның атауын басыңыз. Осыдан кейін ол қолданылатын тех. карталардың тізімі бар кесте ашылады.

☝️ Жартылай фабрикаттар тек килограмммен есептеледі. Олар үшін даналап есепке алу жұмыс істемейді.
Дайын Жартылай фабрикаттарды қоймада есепке алу үшін олар бойынша Өндіріс жасаңыз.