Skip to content
Қазақ
  • There are no suggestions because the search field is empty.

Әкімші панелінде клиентті қалай қосу керек

Қонаққа жеңілдік жасау немесе бонус есептеу үшін оны клиенттер тізіміне қосыңыз.


Клиентті әкімші панелінде қосу үшін:

  1. Әкімші панеліндегі Маркетинг → Клиенттер бөлімін ашыңыз.
  2. Қосу түймесін басыңыз.
  3. Клиенттің аты-жөнін жазыңыз, жынысы мен туған күнін көрсетіңіз.
  4. Жеңілдік немесе бонус мөлшеріне сәйкес келетін клиенттер тобын таңдаңыз.
  5. Карта нөмірі өрісіне клиенттің жеңілдік картасының штрихкодын енгізіңіз.
  6. Бонустық клиенттер тобын таңдасаңыз: — Жеке бонус өрісіне клиенттің бонустық шотында жиналатын сатып алу сомасының пайызын жазыңыз; — Шоттағы бонустар өрісіне бастапқы бонус сомасын көрсетіңіз.
  7. Телефон нөмірін, email, мекенжайды жазыңыз және пікір қалдырыңыз.
  8. Қосу түймесін басыңыз.

клиент скидочной группы


Клиенттің деректерін өзгерту қажет болса:

  1. Маркетинг → Клиенттер бөлімін ашыңыз.
  2. Тізімнен қажетті клиентті табыңыз.
  3. Атының қасындағы Өңд. түймесін басыңыз.
  4. Клиенттің деректеріне қажетті өзгерістерді енгізіңіз.
  5. Өзгерістерді қолдану үшін Сақтау түймесін басыңыз.

☝️ Клиенттің карточкасын жойсаңыз, жүйе қонақтың деректері мен бонустарын себетке жылжытады.

💡 Клиенттер базасын кассада да толықтырыңыз. Ол үшін клиенттер тізімі терезесінде Жаңа клиент түймесін басыңыз, карточканы толтырыңыз және Сақтау түймесін басыңыз.

☝️ Жүйе қайталанатын клиент карточкаларын жасауға тыйым салмайды, бірақ мұндай карточкаларды бір карточкаға біріктіру мүмкін емес. Бір клиент үшін кездейсоқ бірнеше карточка жасалса, артық карточкаларды әкімші панелінде жойыңыз.

💡 Барлық сатып алушыларға жеңілдік қолдану үшін атауы «5%» болатын әмбебап клиент қосыңыз.

Әр клиент бойынша сатып алу статистикасын бақылаңыз.