Postie AI арқылы жеткізілімді қалай қосуға болады
Postie AI жеткізілімдерді жылдам өңдеуге және қателер санын азайтуға көмектеседі.
Postie AI — Poster жүйесіне тауарларды қосуды жеңілдететін жасанды интеллектке негізделген көмекші. Ол үшін чектің не жүкқұжаттың фотосын жүктесеңіз жеткілікті. Postie мәтінді өзі танып, қажет деректерді автоматты түрде толтырады.
💡 Қолданба ай сайын 20 тегін әрекет береді. Бір жеткізілімге бір әрекет жұмсалады. Лимит қолданба қосылған күні автоматты түрде жаңарып отырады.
Егер тегін лимит жеткіліксіз болса, айына 100 әрекетке арналған 6000 ₸ пакетін қосыңыз. Төлем шоты Баптаулар → Жазылым ақысын төлеу бөлімінде автоматты түрде пайда болады. Осылайша айына 120 жүкқұжатқа дейін жүктей аласыз.
Postie қосу үшін Poster әкімші панелінде Қолданбалар → Барлық қолданбалар бөліміне өтіңіз, Postie AI таңдаңыз, Қосу түймесін басып, әкімші панелінің деректеріне рұқсат беріңіз.
Postie AI арқылы жеткізілімді әкімші панелінде де, кассада да қосуға болады.
Әкімші панелінде фотодан жеткізілім қосу
- Postie AI ашыңыз.
- Жүкқұжатты тану блогында Бастау түймесін басыңыз.
☝️ Егер барлық әрекет жұмсалып қойса, жүкқұжатты тануды іске қоса алмайсыз. Бастау түймесі белсенді болмайды. - Жүкқұжаттың, чектің фотосын немесе PDF құжатын жүктеңіз.
🖼️ Бір жүкқұжатқа екі фотоға дейін қосуға болады. Бұл құжат екі беттен тұрса немесе бір фотоға сыймайтын көп ақпарат болса ыңғайлы. - Жүктеу түймесін басыңыз.
- Құжат танылғанша күтіңіз және тауарлардың дұрыс сәйкестендірілгенін тексеріңіз.
💡 Қажет болса, атауын, санын немесе бағасын түзетіңіз. - Сақтау түймесін басыңыз.

Кассада фотодан жеткізілім қосу
- Касса қолданбасына кіріңіз.
- Экранның оң жақ бұрышындағы ≡ белгісін басыңыз.
- Қолданбалар блогында Фотодан жүкқұжат қосу түймесін басыңыз.
- Құжатты немесе фотоны жүктеңіз.
- Құжат танылғанша күтіп, жеткізілімді сақтаңыз.
Сақталған жүкқұжатты әкімші панеліндегі Қойма → Жеткізілімдер бөлімінен тексеруге болады.

☝️ Postie тек аккаунтыңызда бұрыннан қосылған жеткізушілермен және қоймалармен жұмыс істейді.
Жүкқұжат дұрыс танылуы үшін мына жайттарды ескеріңіз:
— бұлыңғыр немесе сапасыз фото қате танылуы мүмкін;
— Postie тек стандартты өлшем бірліктерімен жұмыс істейді: литр, килограмм, дана. Егер басқа қаптама керек болса, оны сақтағаннан кейін өзгертіңіз.
Тауардың келіп түсуін тіркеу, жеткізілім сомаларын бақылау және берешекті қадағалау үшін бірге жұмыс істейтін барлық жеткізушіні қосыңыз.