Кассада жеткізілімді қалай қосуға болады
Жеткізілімдер — бұл кіріс жүкқұжаттары. Оларды Қоймаға қосыңыз, сонда тауар қалдығын және өзіндік құнын бақылай аласыз.
Жеткізілімді қоспас бұрын, Қоймада сақталатын ингридиенттер мен тауарларды алдын ала жасап қойыңыз.
Кассада жеткізілім қосу үшін:
-
Оң жақ жоғарғы бұрыштағы ≡ батырмасын басыңыз. Қолданбалар бөлімінен Жеткізілімдер тармағын таңдаңыз.
-
Жеткізуші өрісінен ашылмалы тізім арқылы жеткізушінің атын немесе компания атауын таңдаңыз.
-
Тауар сақталатын Қойманы таңдаңыз.
-
Шот өрісінен жеткізілім ақысын төлейтін шотты таңдаңыз.
☝️ Егер қолма-қол шотты, мысалы «Ақша жәшігі» шотын таңдасаңыз, жеткізілім сомасына Кассалық ауысымға шығыс транзакциясы қосылады. Егер қаржылық шотты таңдамаған болсаңыз, админ-панельде жеткізілім «Төленбеген» мәртебесімен сақталады.
-
Тізімнен тауарларды таңдаңыз немесе жылдам іздеуді пайдаланыңыз.
- Тауар саны, қаптама бірлігі, бір дана бағасы немесе жеткізілімнің жалпы сомасын көрсетіңіз.
💡 Қаптаманы, мысалы, сүт 12 данадан қораппен келсе пайдаланыңыз. Қорап санын көрсетесіз, ал Poster бөтелке санын өзі есептейді. - Қосымша тауар енгізу үшін + Тауар қосу батырмасын басыңыз. Артық тауарды өшіру үшін × батырмасын басыңыз.
- Админ-панельге жіберу батырмасын басыңыз.

💡 Тауар тізімін, бағасын және санын толық тазарту үшін, оң жақтағы жеткізілімді тазалау белгішесін басыңыз.

💡 Егер жеткізілімді қабылдау кезінде Кассада қаржылық шотты таңдамаған болсаңыз, жеткізушімен кейін есеп айырысыңыз. Ол үшін админ-панельде Қойма → Жеткізілімдер бөліміне өтіңіз. Төленбеген жеткізілімнің жанындағы Өзг. батырмасын басып, Төлем өрісіне төлем қосыңыз.

💡 Жеткізілімді Кассада тек әкімші қоса алсын десеңіз, админ-панельде әкімші құпиясөзін сұратуды қосыңыз. Ол үшін Парламетрлер → Қауіпсіздік бөліміне өтіп, Кассада жеткізілім қосқанда параметрінде Әрқашан мәнін таңдаңыз да, өзгерістерді сақтаңыз.
Кассада тапсырыстармен жұмысты жалғастыра беріңіз. Жеткізілім терезесін жауып, оны кейін осы жерден жалғастырып толтыра аласыз.