Тех. картаны қалай жасауға болады
Тех. карталар — мекемеде рецепт бойынша дайындалатын тағамдар мен сусындар. Мысалы, саңырауқұлақ крем-сорпасы немесе көкжидек смузи.
Тех. карталар — мекемеде рецепт бойынша дайындалатын тағамдар мен сусындар. Мысалы, саңырауқұлақ крем-сорпасы немесе көкжидек смузи
Жаңа тех. картаны жасамас бұрын, оған кіретін ингредиенттер мен жартылай фабрикаттарды қосыңыз. Қажет болса, жетіспейтін ингредиенттерді тағам не сусын карточкасында бірден жасаңыз.
Тех. картаны жасау үшін:
- Әкімші панелінде Мәзір → Тех. карталар бөліміне өтіңіз.
- Қосу батырмасын басыңыз.
- Атауын жазыңыз, санатын таңдаңыз және тағам дайындалатын цехты көрсетіңіз.
- Тағамның фотосын жүктеңіз немесе иконка түсін таңдаңыз. Олар даяшының не кассирдің Касса экранында көрсетіледі.
- Бағасы өрісіне сату бағасын енгізіңіз. Өзіндік құны мен Үстеме баға өрістері қоймаға жеткізілімдер қосылғаннан кейін автоматты түрде есептеледі.
- Құрамы блогында тағамға кіретін ингредиенттер мен жартылай фабрикаттарды таңдаңыз. Брутто және нетто салмағын көрсетіңіз.
- Сақтау батырмасын басыңыз.

💡 Егер тех. картаны салмақпен сатсаңыз, Салмақтық тех. карта жалаушасын қойып, 100 граммға бағасын жазыңыз. Мұндай тағам сатылғанда, даяшылар Кассада тек салмағын енгізеді. Жүйе соманы автоматты түрде есептейді.
💡 Тех. картаның өзіндік құны дәл шығуы үшін, оның құрамындағы барлық позицияға жеткізілім енгізіңіз.
☝️ Жеңілдіктерге қатыспайды жалаушасын қойсаңыз, бұл тағам адалдық бағдарламаларына қатыспайды. Оған жеңілдіктер мен бонустар қолданылмайды.
☝️ Тех. картаны жойсаңыз, ол себетке жіберіледі. Оны түрлендіргіштерімен бірге жойылған күннен бастап 30 күн ішінде қалпына келтіре аласыз.
💡 Қажет болса, тех. картаны өңдеңіз. Ол үшін Мәзір → Тех. карталар бөлімінде Өңд. батырмасын басыңыз.
Pro тарифінде тех. карталарды өткен күнмен де өңдей аласыз. Ол үшін ••• батырмасын басып, Өткен күнмен өңдеу тармағын таңдаңыз.
Тех. картаның құрамын кім және қашан өзгерткенін көру үшін, тағам атауының оң жағындағы Құрамы батырмасын басыңыз. Осы жерден белгілі бір кезеңдегі өзгерістер тарихын және сол кезде қандай ингредиенттер қолданылғанын көресіз.

💡 Тех. картаның бағасын тез өзгерту үшін, оны жалпы тізімнен тауып, Бағасы бағанындағы мәнді өңдеңіз.
Егер тағамның не сусынның бірнеше нұсқасы болса, мысалы көлемі немесе қосымша ингредиенті, тех. карталарға түрлендіргіштер қосыңыз.