QR-кодтарды қалай іске қосуға болады
Қонақтар мәзірді өздері ашып көріп, даяшыны күтпеуі үшін мекемеде QR-кодтарды орналастырыңыз.
Кодтарды Poster әкімші панеліндегі Қолданбалар → Poster QR → QR-кодтар бөлімінен жүктеп алып, басып шығарыңыз.
QR-кодтарды іске қосып, үстелдерге орналастырыңыз
- QR-кодты смартфон камерасымен сканерлеңіз.
- Poster аккаунтына кіріңіз.
- Әр стикерге сәйкес үстелді таңдаңыз. Мысалы:
A1 — үстел 1;
A2 — үстел 2;
A3 — бар.
Таңдалған үстелге байланыстыру автоматты түрде сақталады.
💡 Егер QR-код нақты орынға байланбаса, мысалы ортақ қолжетімділікке немесе жеткізуге арналса, оған Үстелсіз опциясын таңдаңыз да, тізімнің соңындағы Сақтау түймесін басыңыз. - Стикерлерді мекемедегі үстелдерге және касса жанындағы төлем аймағына жапсырыңыз.
☝️ Егер QR-код үстелге де, Үстелсіз опциясына да байланыстырылмаса, ол жұмыс істемейді. Мұндай кодты сканерлегенде пайдаланушы мәзірді емес, QR-кодты үстелге байланыстыру бетiн көреді.
- Кодты сканерлеп, кассада тест тапсырысын жасаңыз.

Егер мекемеде үстелдер болмаса
Poster QR-кодтарын іске қосу үшін:
- QR-кодты смартфон камерасымен сканерлеңіз.
- Poster аккаунтына кіріңіз.
- Код үшін Үстелсіз опциясын таңдаңыз да, тізімнің соңындағы Сақтау түймесін басыңыз.
- Кодты орналастырып, тест тапсырысын жасаңыз.
💡 Кейін қосымша QR-кодтарды іске қосу немесе тозған стикерлерді ауыстыру керек болса, жаңа стикерді сканерлеп, кодтардың үстелдермен сәйкестігін өңдеңіз.