Бонустармен төлем қабылдау
Тұрақты қонақтардан бонустармен төлем қабылдау үшін бонустық жүйені қосыңыз.
Түбіртекті бонустармен төлеу үшін:
- Кассадағы ашық түбіртекте сол жақ жоғарғы бұрыштағы Клиент бөліміне өтіңіз.
- Қонақтың атын, телефон нөмірін немесе бонустық жүйе қатысушысының карта нөмірін енгізе бастаңыз.
- Клиентті тізімнен таңдаңыз да, Қолдану түймесін басыңыз.
- Түбіртек бөліміне қайта оралып, Төлеу түймесін басыңыз.
- Төлем терезесінде Бонустарды есептен шығару тармағын таңдаңыз.
- Төлеу түймесін басыңыз.

💡 Түбіртек сомасын бірнеше төлем тәсіліне бөлу үшін сандық пернетақтадағы батырмаларды пайдаланыңыз. Осылайша бонустардың бір бөлігін ғана есептен шығара аласыз.
Ол үшін төлем терезесінің сол жақ жоғарғы бұрышынан мынаның бірін таңдаңыз:
— қонақ қолма-қол ақшамен дөңгелек соманы төлеуі үшін, есептен шығарылатын ең аз бонус саны бар сол жақ батырма. Мысалы, түбіртек сомасы $125,25 болса, қонаққа $25,25 бөлігін бонустармен, ал $100 сомасын қолма-қол төлеуді ұсыныңыз;
— есептен шығарылатын ең көп бонус саны бар оң жақ батырма.

☝🏻 Егер төлем терезесінде Бонустарды есептен шығару өрісі шықпаса, бұл қонақ бонустық жүйе клиенттері тізімінде жоқ немесе оның шотында әлі бонус жоқ деген сөз.
Кейбір тауарлар мен санаттарға бонустармен төлеуді қолданбау үшін, оларды Ерекшеліктер ретінде көрсетіңіз.