Пайда қалай есептеледі
Тапсырыстарды кассада жабыңыз, ал Poster әр түбіртектен пайданы автоматты түрде есептейді
☝️ Ағымдағы пайданы көру үшін шоттардың мекемеге тіркелгенін Қол жеткізу → Мекемелер қойындысында тексеріңіз.
Инкассациядан кейін қолма-қол ақшаның «Сейф» шотына жылжуы және қолма-қол емес түсімнің «Есеп айырысу шотына» түсуі үшін кассалық ауысымдармен жұмыс істеңіз.
Пайданы есептеу формуласы
Статистика бөліміндегі Пайда көрсеткіші түсім мен өнімдердің өзіндік құны арасындағы айырма ретінде есептеледі:
Пайда = түсім – өзіндік құн – салықтар – жеңілдіктер – бонустар – сертификаттар
Түсім және пайда
Пайда мекеменің түсіміне тікелей байланысты. Олардың байланысын толығырақ қарастырайық.
Жалпы түсім — жеңілдіктерді, бонустарды, өзіндік құнды және басқаларын шегермеген сатылым сомасы.
Түсім — сатылымның жалпы сомасы.
💡 Негізгі және қосымша қолма-қол және қолма-қол емес төлемдердің айналымын, жалпы айналымды, салықтарды, food cost және жалпы пайданы көру үшін әкімші панеліндегі Статистика → Түбіртектер қойындысын ашып, кестенің төменгі жағындағы Толығырақ ▼ түймесін басыңыз.

Түбіртектердегі түсім көрсеткіші пайдадан үлкен болады, себебі түсімнен сатылған тауарлар мен тех. карталардың өзіндік құны әрқашан шегеріледі.
💡 Мекеменің барлық транзакцияларды ескере отырып таза пайдасын Финансы → P&L қойындысындағы Салық салынғаннан кейінгі пайда өрісінде тексеріңіз.
Түбіртекте сатылған позициялардың өзіндік құны есептелмесе, түсім мен пайда бірдей болады.
☝️ Түбіртектен алынған пайда мына жағдайларда теріс болады:
- сатылған позициялардың өзіндік құны клиент төлеген соманан үлкен болса;
- түбіртек бонустармен немесе 100% жеңілдікпен төленген болса;
- түбіртекте науқан қолданылған болса.
Мысалы, түбіртекті төлемсіз жапсаңыз, мұндай тауар бойынша түсім сомасы 0 теңгеге тең болады. Түбіртектен пайданы есептеуді тексерейік. Түбіртекті Статистика → Түбіртектер қойындысынан табамыз, Мәліметтерде тапсырыстың шотын және есептен шығаруларды қарап шығамыз.
Пайда көрсеткішінің дұрыс көрсетілуі үшін:
- Ингредиенттер мен тауарлардың қоймаға жеткізілімдерін уақтылы қосыңыз. Тағамдарды дайындайтын ингредиенттер қалдықта болмаса, олардың сатылымынан алынған пайда дұрыс көрсетілмейді.
- Жеткізілімдерде сатып алу бағасының дұрыс көрсетілгенін тексеріңіз.
💡 Жеткізілімді қосу кезінде қателессеңіз, оны әкімші панелінде ашық түгендеу кезеңінде өзгертіңіз. Жабылған түбіртектердегі ингредиенттердің өзіндік құны автоматты түрде жаңарады. - Аккаунтта бірнеше қойма болса, есептен шығару ережелерін баптаңыз.
- Тех. карталарды толық толтырыңыз. Ингредиентті жіберіп алсаңыз, пайда көрсеткіші дәл болмайды.
Транзакциялардың әр санаты бойынша шығыстар мен кірістерді қаржылық есепте қарап шығыңыз.